in

Бүгін Челси мен ПСЖ әлем чемпионы атағы үшін таласады

Бүгін, 13 шілде күні түнгі сағат 23:50-де (Астана уақытымен) Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium аренасында FIFA клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы өтеді. Аталған матчта Еуропаның қос алып командасы — Челси мен ПСЖ  — чемпион атағы үшін күш сынасады.

Бұл – жаңа форматтағы 32 командалық жарыстың шешуші кездесуі.

Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тамашалай алады. Матч алдында әйгілі әншілер Doja Cat, Tems және J Balvin қатысатын арнайы шоу өтеді. Жеңімпаз клуб әлемнің ресми чемпионы атанып, беделді титул мен қомақты жүлдені иеленеді.