in

Ломбардтар халық үстінен пайда тауып отыр: биылғы табыс – 420 миллиард теңге

Күні бүгінге дейін бұл ломбардтардан қарапайым халық 2 трил­лион 558 миллиард теңге қарыз алған. Олардың активінің 71,3%-ы микронесиеге тиесілі.  Яғни, халық үстінен пайда тауып, күн көріп отыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Айқын басылымына сілтеме жасай отырып. 

Олардың жазуынша, ломбардтардың жиынтықты төл капиталы 268 млрд теңгені құрайды немесе жалпы активтегі үлесі 24,7% ғана.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша (одан өзекті мәліметті ведомство әлі күнге жарияламады) Қазақстанда 908 микроқаржы қыз­метін жүзеге асыратын ұйым болса, соның басым көпшілігі – 480-і ломбард. Микроқаржы ұйым­дары­ның (МҚҰ) саны – 213, кредиттік серіктестіктердің саны – 215. 

2023 жылы елде ломбардтар саны 548 болса, 2024 жылы – 521-ге, 2025 жылы – 480-ге дейін азай­ды. Соған қарамастан, олардың қазынасы екі жылда екі еседей өскен: 2023 жылғы 252 миллиард­тан 2025 жылы 420 миллиард теңгеге дейін артты. Тек биылғы жыл басы­нан бері ломбардтардың табысы 13,2% ұлғайыпты. Бұл сандар Қа­зақстанда ломбард­тардың қарқын­ды жабылып жат­қанын емес, тек компаниялардың бір-біріне қосы­л­ып, іріленіп, са­ла­ның олигопо­лиялана бастаға­нын білдірсе керек.