Негізгі қауіптер:
қатты ыстық — оңтүстік және батыс өңірлерде +44 °C дейін;
өте жоғары өрт қаупі — еліміздің көптеген облыстарында;
найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауылдар — солтүстікте, шығыста және орталық аймақтарда;
күшті жел — көптеген өңірлерде екпіні 20 м/с дейін.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсыныстары:
күндіз ашық күн астында ұзақ тұрмаңыз;
күшті жел, найзағай және бұршақ кезінде абай болыңыз;
от жақпаңыз және қоқыс өртемеңіз — өрт шығу қаупі өте жоғары;
ресми хабарламалар мен ескертулерді мұқият қадағалаңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.