in

«Бақытты болсын!»: Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде қазақ отбасыға гендер-пати жасап берді (видео)

Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде көрерменге тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші сахнада мыңдаған көрерменнің алдында сәби күтіп жүрген жұпқа гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбиінің жынысын айтты.

Концерт барысында әншіге ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт берілген. Джей Ло оны ашып, сәбидің жынысын қуанышпен хабарлады.

«Бұл – қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!» – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.