in

Баянауылдағы той

Ақын, композитор Жаяу Мұса Байжановтың 190 жылдығына, жур­налист, сатирашы Қадыр Тайшықовтың 125 жылдығына, жазушы Қалмұқан Исабайдың 100 жылдығына және кино­режиссер, композитор Қуат Әбу­сейітовтің 100 жылдығына орай Баянауыл жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

– Өнердің дамуына әйгілі жер­лестеріміз, мәдениет және өнер қай­раткерлері зор үлес қосты. Бүгінгі жас буын олардың еңбегін білуі маңызды. Ал ғалымдар мен тарихшы­лардың қызметінің маңызды бағыт­тары­ның бірі – олардың Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесін зерттеу, зерделеу және насихаттау. Осы себепті ауданымыздағы Мойылды шатқалында үлкен той өтеді, – деп хабарлады Баянауыл ауданы әкімдігі.

Мерекелік шара аясында «Рухы биік тұлғалар» атты республикалық конферен­ция, республикалық ақындар айтысы, дәстүрлі әншілер байқауы өтіп, қаламгер­лер арасындағы шы­ғармашылық және сатиралық байқау­лардың қорытындысы жасалады. Ғылыми конференция жұ­мысы­на атақты жерлестеріміздің ұрпақ­тары, ғалымдар, жазушылар, оқу орын­дары­ның оқытушылары, тарихшылар, өл­кетанушылар, музей, архив және кітапхана ісі мамандары қатысады. 

Аталған мерекелік іс-шараларға республиканың әр түпкірінен мәдениет және өнер өкілдері келеді деп күтіліп отыр. Ауданда ат бәйгесі, ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылады.