in

«Мен үшін тарихи сәт»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жетістігі жайлы айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың алғаш сахнаға шыққан кезі жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі ұлының өнер жолындағы қадамы, қандай кезеңдерден өткені жайлы сыр шертті. 

“Мен үшін ұмытылмас тарихи сәт. “Сенің балаң әнші болады дейсің ба?” деген мысқыл сөздердің бәрі құлағымда әлі күнге дейін жаңғырып тұрғандай. Таң атып кетіпті, көз ілмедім, үнсіз армандап көзімнен жас кете беріпті. Жастығым әбден су болған. Көз алдымда жарқыраған таспен көмкерілген костюммен сахнада ұлымды елестеттім. Стадиондар, залдар толы халық, шіркін тура осылай мойындатып, сол адамдар тойына ұлымды шақырулары арман болса деген қиялмен, ызаға булыққан күйі көзім ілініп кетіпті. Өзіме келіп ес жинадым. Артынша “Арман” әнімен танылды. Бір күннің ішінде бүкіл жерде ұлымның әндері қойылып, хитке айналды. Өз-өзіме сенер емеспін. Қиялымдағы костюмді жасату үшін ақ костюмді сатып алып қымбат моншақтар тауып, біртіндеп жабыстыра бастадық. Аяқкиіміне дейін жылтыр тасты өз қолыммен жабыстырдым. Қиялымдағы кейіпті мықтылап көрсету үшін жоғарыдан жарқырап түскенін қаладым. Әлемдік әнші Haddaway Республика сарайында осы кеште қонақ болып, екеуі бірге ән шырқады. Міне сол кездегі сәті, мен қиялдаған костюм, ине шаншыр жер жоқ. Мыңдаған халық келді. Бұл сәт мойындатқаным емей немене?! Бақытты сәт болмағанда немене?! Ана жүрегі, ана тілегі деген осы?!”, – деді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.