in

«Мені үш жарым сағат күтіп, бата берді»: Мақпал Жүнісова тосын жағдайға тап болды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Абайдың 180 жылдық мерейтойына барып, күтпеген жайтқа тап болды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші өзін үш сағат бойы күткен көрермені, ақ жаулықты ана туралы айтып берді.

“Кеше “Архат” ауылының әкімінің анасын Қарауылдың күзетшілері сахнаға өткізбей қойыпты. Ол кісі мені үш жарым сағат күтіп, концерт аяқталған соң сахна артындағы киіз үйге келіп, бата берді. Мақта әпке, үлкен рақмет, ғұмырлы болыңыз!” – деді Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, Абай ауданында өткен ақынның 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға 50 мыңнан астам адам, оның ішінде 15 елден шетелдік делегация келген еді. Сонымен қатар 200-ден астам киіз үй тігілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.