in

«Ортақ шешімге келдік»: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы жаңалықты жеткізді (видео)

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен гендер-пати жасады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Бесінші сәбиін күтіп жүрген ол балаларының көңілі үшін отбасылық кеш жасағанын атап өтті.

«Аса қатты гендер-пати жасағым келмеді. Бірақ төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп, ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз», – дейді актриса.

Алайда бейнежазбада сәбидің жынысы анықталған сәт көрсетілмеген.

«Қыз болсаң да, ұл болсаң да, дүниеге аман-сау келгеніңді тілейміз. Балапан, біз сені күтеміз», – дейді актриса видеода.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.