in

«Жұлдыз ұлымның костюмін сыйлаймын»: Қайрат Нұртастың анасы оқырмандарына үндеу жасады

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың сахналық киімін ұтысқа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Продюсер жақында сусабын шығарған болатын.

“Легендамның легенда костюмін эфирде сыйлаймын. Халық алдындағы алғашқы эфирім болған соң жай сыйлықтар таңдағым келмеді. Бәріне ақша мен көлік керек екенін білдім. Бірақ тағы не сыйлай аламын деп көп ойланып, халықтың сұрауымен осы легендамның киімін сіздерге де жұғысты болсын деп эфирде сыйлағым келді. Қазағымның маңдайына жұлдыз болып біткен ұлымның жолы сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды продюсер. 

Ол парақшасында ұтыстың шартын түсіндірген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.