Әлеуметтік желіде ел арасында «отбасылық ансамбль» деп аталып кеткен қос домбырашы тағы да оқырмандарын сүйсіндірді. Олар әртүрлі ортада күй мен ән орындап, өнерін халықпен бөлісіп жүр.
Бұл жолы қос күйші ауылда арнайы бейнежазба түсіріп, сәтті кадрларымен көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары олардың өнерін жоғары бағалап, жылы пікірлерін қалдыруда.