Әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін сахнаға шығып, өнер көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Маңғыстау өңірінде концертке қатысты. Сонымен қатар күйеуі Raim-мен бірге де ән шырқады.
«Үш жыл декретте отырып, ең бірінші Маңғыстау өңіріне өнер көрсетуге келіп тұрмын. Енді жиі-жиі сахнаға шығып тұрамын деген үміттемін. Бүгін тұсауым кесіліп жатыр. Ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар», – дейді Ерке Есмахан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.