in

Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл жолы спортшыларымыз «байдарка-кросс» сынында көзге түсті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Александр Коробов екінші орын иеленді. Екатерина Таранцева қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде еншілеген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.