Әнші Ерке Есмахан жеке кәсібін қайта қолға алатынын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі оқырмандарына қайтадан алқа шығарып, сататынын айтты.
“Жеңгемнің мойнындағы сотуар біраз оқырманның көзіне оттай басылыпты. “Сотуар бар ма?” деген хаттар толып кетті. Тіпті, күтпедім. Алдағы уақытта сотуар кішігірім өзгерістермен қайта шығады. Тілек-ниетім өзгеріссіз. Бұйырса, бұйым қараймайтын, сарғаймайтын, ағармайтын болып жалтырап шығады. Кепілдік болады”, – деді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, әншінің бұған дейін шығарған сотуары сатып алушылар тарапынан сынға қалған еді. Желі қолданушысы 50 мың теңгеге алған сотуар көп өтпей қарайып кеткенін айтқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.