Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Биыл екінші рет ұйымдастырылған бұл бастама «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша іске асырылып отыр.
Бағдарлама барысында отандық және шетелдік қаламгерлер, сондай-ақ әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқып, тәжірибелерін бөліседі.
Сонымен қатар әдеби шеберлік мектебіне ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де тартылып, қатысушыларға әдебиет пен ғылым тоғысындағы тың бағыттар ұсынылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.