Жылдың басты бәсекесіне қазақстандық қыздар мен жігіттер тыңғылықты дайындалды. Арнайы жекпе-жектер арқылы және соңғы жарыстардың қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталды.
Ең бірінші болып Англияға Елдос Сайдалин баптайтын бұрымды боксшылар жолға шықты. Олар сол жердегі уақытқа және климатқа бейімделіп, жарыс алдындағы жаттығуды пысықтайды. Ал әлем чемпионатының өзі 4 қыркүйекте басталады.
Айта кетейік, Ливерпульдегі дүниежүзілік додаға қатысатындар тізімін Назым Қызайбай бастап тұр. 48 келіде өнер көрсететін команда капитаны бұған дейін үш рет әлем чемпионы атанып, отандық бокс үшін тарихи нәтиже тірке ген.
Бұған қоса, 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Элина Базарова, 57 келіде Карина Ибрагимова, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева, 70 келіде Наталья Богданова, 75 келіде Надежда Рябец, 80 келіде Гүлсая Ержан, ал аса ауыр салмақта Елдана Тәліпова шаршы алаңға шығады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.