in

АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа ататын зымырандарды сатуға келісім берді

АҚШ әкімшілігі Украинаға 3 350 дана ERAM үлгісіндегі зымырандарды сатуға рұқсат берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

The Wall Street Journal деректеріне сүйенсек, бұл қарулардың ұшу қашықтығы 241-ден 450 шақырымға дейін жетеді. Жеткізу алты апта ішінде жүзеге асырылмақ.

Жалпы құны шамамен 850 млн доллар болатын қару-жарақ пакеті зымырандардан бөлек басқа да әскери құралдарды қамтиды. Шығынның басым бөлігін Еуропа елдері өз мойнына алған.

Алайда аталған зымырандарды қолдану үшін Украинаға Пентагонның рұқсаты қажет болады. Сонымен қатар басылымның жазуынша, АҚШ Украинаға Ресей аумағына соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы ATACMS жүйелерін пайдалануға рұқсат бермей отыр.