Әйгілі әнші Дженнифер Лопес Instagram желісінде қазақстандық скрипкашы Меруерт Бақыттың видеосын жариялады, – деп жазды Аikyn.kz.
Қазақстандық өнерпаз скрипкада әншінің Ain’t It Funny әнінің каверін орындаған. Бұл Дженнифер Лопестің назарын аударып, бейнероликті парақшасына жариялады.
Өнерпаз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен ерекше әсер алып, кавер түсіру туралы идея келгенін айтады.
“Аңыз адам JLo-ның өзі біздің жұмысымызды байқап, бөліскеніне әлі де сене алар емеспін. Командаға рақмет айтамын, біз армандарды мақсатқа, ал мақсаттарды шындыққа айналдыруға болатынын дәлелдеп отырмыз. Бұл мен үшін алға қарай ұмтылуға үлкен мотивация болды”, – деп жазды Меруерт Бақыт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Altynay Ashirbayeva (@altynay_dimashsilver)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.