Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов толыққанды жаттығуға қайта кіріскені туралы жаттықтырушысы Эдуард Базров хабарлады. Дегенмен, спортшының биыл UFC аренасына оралуы аса ықтимал емес, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Шавкат қазір 100 пайыз дайын. Денсаулығы жақсы, толық жаттығып жүр. Алайда, жыл соңына дейін оның жекпе-жегін көре алмаймыз», — деді Базров.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында өнер көрсеткен. Сол кезде ол төрешілер шешімімен америкалық Иан Гэрриді жеңген еді. Қазіргі уақытта Шавкат салмақ дәрежесіне қарамастан UFC рейтингісінің үздік 15 жауынгерінің қатарына енген.
Сондай-ақ жуырда америкалық спортшы Шон Брэди Рахмоновқа ресми түрде шақыру білдіріп, олардың кездесуі 22 қарашада Қатардың Доха қаласында өтетін UFC турнирінде өтуі мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл жекпе-жекте жеңімпаз орта салмақтағы UFC титулы үшін күресте негізгі үміткер атануы ықтимал.