in

«Райм мен Роналду сияқты жар таңдаудан қателеспеуге тырысыңыз»: Ерке Есмахан арманын айтты

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдегі ең танымал футболшы Криштиану Роналдудың отбасы туралы қызық дерек жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Оқырмандарына танымал тұлғалар туралы әңгімелегенді жаны сүйетін әнші бұл жолы атақты футболшы Криштиану Роналдудың қалыңдығы Джорджина Родригестің өмірі туралы баяндаған.

Дүкенде сатушы бола жүріп, бүгінде атақты футболшының жары атанған Джорджина Родригес ертегідей өмір сүріп жатқанына тоқталды. Сонымен қатар жар таңдауда қателеспеу керек екенін еске салды.

Ол күйеуі Раймды Роналдумен салыстырған. Ал өзі Джорджинадай болғысы келетінін жасырмады.

«Жар таңдаудан қателеспеуге тырысыңыз. Райм мен Роналду сияқты дегендей. Джетпен ұшқым келеді», – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.