Жақында бесінші сәбиін өмірге әкелген актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өзінің жағдайын сұрап, алаңдаған оқырмандарына жауап берді.
“Өмірімнің жаңа парағы… Жаңа қадам, жаңа адам, жаңа мен. Осы жолы үлкен тәжірибемен! Жағдайымызды жақынымыздан артық сұрап, іздеп жатқан жандарға алғыс! Шүкір! Мен де, бөпешка да жақсымыз. Осыдан 3-4 жыл бұрын өткен жолыма қарасам, одан да қорқынышты әрі қиын болған еді… Ал қазір мені өсіріп-пісірген сол өткеніме рақмет айтамын! Жаратқанның бергенінен берері мол. Сондықтан 5 жұлдызыммен одан әрі мықты, батыл, бақытты болып алға қадам басамыз. Болса, бір хайыр! Болмаса, мың хайыр!” – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.