in

«Жүрегім ғой»: анасын арқалаған Ердос Қанаев жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікке ой салды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі анасына алғысын білдіріп, арқалап жүрген видео жариялады. Сонымен қатар әкесінің тәлімі мен тәрбиесін қадір тұтып, өнеге алатынын айтты.

«Мен емес, жүрегім ғой Анашымды көтеріп жүргенім. Мүмкін емес… Мүмкін емес, анамның маған жасаған жақсылығын бір арқама көтерумен қайтару. Бірақ менікі анамның ақ сүтін ақтауға деген ниетім. Алланың разылығын алсам деген ниетім. Менің үстімдегі кішкентай ғана Жанға біздің үйде тек мен ғана емес, әкемде қызметінде. «Әкем анашыма айрықша адалдық көрсететін еді. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болған сәтте әкем қасына келіп, дұға жасап, «Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, біздің басымыздан жоғары болып жүре беруді нәсіп қылсын. Сенің жасаған жақсылықтарыңның шегі жоқ», – деді де, тауларды селт еткізгендей қатты жылады. Бұл мен үшін адалдықты үйретер естен шықпас сабақ болды», – деп жазды әнші.

Бұл көрініс желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Ердос Қанаев (@erdoskanaev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.