Бокстан әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз белгілі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды.
50 келі. 25 боксшы
Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездеседі.
55 келі. 39 боксшы
Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) жұбының жеңгенімен жолығады.
60 келі. 43 боксшы
Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен кездеседі.
65 келі. 40 боксшы
1/16 финал
Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау
Астанадағы Әлем Кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған басым түскен.
70 келі. 41 боксшы 1/16 финал
Төрехан Сабырхан – Яче Юсуф Ислам
1/8 финалда Астанадағы Әлем Кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.
75 келі. 24 боксшы
Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.
80 келі. 36 боксшы
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады. Отандасымыз финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.
85 келі. 24 боксшы
Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
90 келі. 25 боксшы 1/16 финал
Сағындық Тоғамбай – Айзек Око
+90 келі. 30 боксшы
Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгенімен айқасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.