Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері әріптестері Әсет Үмбетбаев үшін көпшіліктен көмек сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Олардың айтуынша, театр актері сирек кездесетін дертке шалдыққан. Қазір шұғыл ем қабылдау қажет.
«Әріптесіміз Әсет Үмбетбаев сирек кездесетін ауруға шалдығуына байланысты көмек сұрауға мәжбүрміз. Диагнозын түсінікті тілмен айтсақ, омыртқа жұлынында пайда болған дақ. Аяқтан басталған ұю, жансыздану кеуде тұсқа дейін жеткен. Бұл ауруды емдеуге Оңтүстік Корея дәрігерлері тәуекел етіп отыр. Сіздің кішкентай ғана көмегіңіз адамға үміт сыйлайды», – дейді актерлер видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Асет Умбетбай (@aset_umbetbaev)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» ТELEGRAM арнасынан табасыз.