in

Бокстан әлем чемпионаты: Бейбарыс Жексен жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Абдумалик Халоков (Өзбекстан) жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.