Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Аида ширек финалда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.