Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.
Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.