in

Непалдағы жастар қозғалысы: Үкіметті құлатқан белсенділер енді жаңа көшбасшыларды таңдауда

Непалда жастар белсенділерінің қозғалысы елдің саяси өмірінде үлкен өзгеріс жасады. Бұл жайлы Reuters жазады. Hami Nepal»ю («Біз – Непал») деп аталатын топ әлеуметтік желілер арқылы халықты жұмылдырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылықты күшейтті. Соның нәтижесінде премьер-министр К.П.Шарма Оли отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Бұл қозғалыс бейбіт басталғанымен, билікпен қақтығыстар орын алып, кем дегенде 72 адам қаза тауып, 1 300-ден астам адам жараланды. Мұндай құрбандар халықтың билікке деген сенімін одан әрі шайқап, жастардың үнін елемеуге болмайтынын көрсетті.

Қазір елде уақытша үкімет жасақталып жатыр. Оның басшысы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымымен танылған Сушила Карки. Жастар билікке тікелей келуді көздемесе де, олар шешім қабылдау процесіне қатысып, жаңа жүйенің әділ әрі халыққа жақын болуына ықпал етуді мақсат етеді.