Әйелдер арасындағы 48 келі салмақта Назым Қ ызайбай үндістандық Минакши Минакшимен жұдырықтасты , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Нәтижесінде, отандасымыз есе жіберіп, күміс медальға ие болды. Бірақ төрешілердің шешімі “әділ болды” деуге келмейді. Себебі үш раунд бойы Н. Қызайбай өте жақсы жұдырықтасқанымен, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті үндістандық боксшыға берді.