in

«Барлық раундта 9 балл қойған»: Назым Қызайбайды чемпиондықтан айырған төреші жайлы тың дерек тарады

Күні кеше ғана Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақ боксшылары командалық есепте 1-орынға табан тіреді. Десе де,  боксшы қызымыз Назым Қызайбай үнді боксшысына жол беріп, күміс медальді қанағат етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов қазақ қызының аяғына тұсау болған төрешінің түсін-түстеп, кім екенін жариялады.

«Назым Қызайбайды ұтып тұрған жерінен барлық раундта тоғыз балдан қойып, алтын жүлдесінен айырған түрік төреші  – осы. Аты-жөні – Davut Kanuni. Артынша Айбек Оралбайға да барлық раундқа тоғыз балл қойды. Инста аккаунты жоқ екен. Десе де, осылай суретін салып қояйын. Білсін, Қазақ елі бұндай қастандықты ұмытпайтынын. Түбі кездесеміз! Бетіне басамыз!», – деп жазды ол.