Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алқабы 16 млн гектардан асады. Қыркүйектің орта тұсына дейін 7,8 млн гектар немесе жалпы көлемнің 48,3 пайызы жиналып, нәтижесінде 11,6 млн тонна астық бастырылды.
– Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 293 мың тонна майлы дақыл, гектарына 234 центнер өнімділікпен 1,2 млн тонна картоп және гектарына 288,8 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннадан астам көкөніс жинады, – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Әзірге гектарына 357,4 центнер өнімділікпен 385 мың тоннадан астам қырыққабат, гектарына 422,7 центнер өнімділікпен 637 мың тонна пияз және гектарына 294,4 центнер өнімділікпен 187,2 мың тонна сәбіз жиналған.