Танымал хит әндердің орындаушысы, “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?”, “Бозторғай ана” әндерінің авторы Кеңес Әлімжан отбасын құрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің қыз ұзату сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. К.Әлімжан Зарина есімді аруды өмірлік серігі етіп таңдаған.
Желі қолданушыларының айтуынша, қалыңдық әншіден бес жас кіші көрінеді.
“Қонаев қаласы Шеңгелді ауылының Суан елінен Зарина атты қызымызды алып жатыр. Жастардың бақыты баянды болсын! Үйлену тойы 16 қыркүйекке жоспарланған”, – деп жазды көпшілік.
Сондай-ақ пікірлерде:
“Басыңды төрге сүйрейтін жар болсын!”, “Қашан үйленер екен деп жүр едік, құтты болсын!”, “Жол апатына түсті деп естіп едік, аман екеніне қуаныштымыз”, “Келіншегі өте әдемі екен”, “Даусы ерекше әнші”, “Қызымыздың жасы 26-да, күйеуінен бес жас кіші” деген тілектер айтылды.