Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.
Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.