“Қайрат” пен “Реал Мадрид” футбол клубтары арасындағы Чемпиондар лигасының билеті туралы ресми ақпарат шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады.
Билеттер 23.09.2025 жылы сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір адамға екі билеттен артық берілмейді. Билет бағасы 30 000-250 000 теңге аралығында болады.