in

Қазан қаласында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының суреті табылды

Ақжолтай жаңалықты ғалым Қайырбек Кемеңгер жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Құнды сурет қыркүйек айының басында Татарстан астанасындағы ұлттық музейден шыққан. Бірақ ол жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімі жазылмапты. Тек татар зиялысы Мұхаммед Идрисовтың аты-жөні көрсетілген. Әйтсе де, біздің ғалымдар ұлт ұстазын бірден таныған.

Музей мамандары алғашында суретті түсіруге рұқсат бермей, кейін келісімге келеді. Қайырбек Кемеңгер Ахаңның өмір жолдында Қазан қаласында бұрын-соңды болғаны туралы айтылмаған дейді. Сөйтсек, ол 1927 жылдың күзінде татар зиялыларымен бірлесіп, араб алфавитін реформалау жөніндегі комиссияның мүшесі болған. Оның жұмысы жергілікті «Мағрифат» журналының 1927 жылғы 12-санында жарияланған. «Әлбетте, тарихи құжатта Идрисовтың аты көбірек кездеседі. Дегенмен, түпнұсқа суреттен Ахмет Байтұрсынұлының беделін анық байқауға болады», – дейді ғалымдар.