Кездесуді әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізіп кездесудің маңызына тоқталды.
«Қазір елімізде өкінішке қарай, жастар арасында лудомандар саны артып келеді. Құмар ойынға тәуелділік жастардың оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер етеді. Ойынқұмар студенттер сабаққа зейін қоймайды, оқуға деген қызығушылығы жоғалады. Осындай жаман әдетке бой алдырмас үшін біз жүйелі түрде лудоманияның алдын алуға бағытталған шаралар өткізіп тұрамыз», – деді проректор.
Талдықорған қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Жетпісбайұлы жастарға лудоманияның салдары құқықбұзушылық әрекетке әкелетінін жан-жақты түсіндіріп берді. Студенттердің құмар ойынға қатысты сұрақтарына жауап беріп, жастарды жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.