Белгілі әртіс Жанель Мақажанның ерекше қылығы жұртшылық назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, актриса топыраққа жерік болғанын жасырмайды.
Бұл жағдайды көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі: «Осыдан кейін ауылға тартып тұрғаны ғой», – деп әзілге бұрса, тағы бірі: «Табиғатпен біте қайнасып кеткен актриса» деп жақтап шыққан. Ал кейбірі топырақты қауіпті әрі таза емес деп сынға алды.
— «Енді көрсетпеген не қалды? Сол да сөз болып па? Әлде бұлар ерекше адамдар ма?»,
— «Жүре берсең, көре бересің деген осы»,
— «Мен де топырақ пен кір сабынның иісіне жерік болғанмын. Дүкенге барып, иіскеп қайтатынмын», – деп жазды желі қолданушылары.