in

«Қайрат» клубының ойыншысы үйленді

Ұлттық құрама мен «Қайрат» клубының ойыншысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған.

«Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын!» – деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы биыл 30 қыркүйекте «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.