in

Астанада Backstreet Boys концертіне келген көрермен жұртты таңғалдырды

«Астана Арена» стадионында өткен әйгілі Backstreet Boys тобының концертінен кейін көрермендер мәдениеттілік пен жауапкершіліктің ерекше үлгісін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Олар еріктілермен бірге трибуналарды тазалауға көмектесті, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көрермендер орындарынан тұрып, жерде жатқан пластик бөтелкелерді, қағаздарды және өзге де қалдықтарды жинады. 

Акцияға балалар мен ересектердің сүйіктісіне айналған экологиялық кейіпкер Тазабек те қатысты. Ол өзіне тән костюмімен қоқыс жинауға атсалысып қана қоймай, көрермендерді өзіне баурап, тазалық шарасын ерекше көңіл күйге бөледі. Концерттің осындай іс-шарасы арқылы тазалық пен мәдениеттілік насихатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.