ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Amre атауымен танымал әнші Ернар Садырбаевқа «Интервидение-2025» байқауына қатысқаннан кейін қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парағында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқау оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты.
– Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!, – деп жазды Аида Балаева.