in

Ет нарығындағы мәселелер бойынша жедел желі іске қосылды

Сауда және интеграция министрлігі ет нарығындағы мәселелер бойынша жедел желінің іске қосылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жедел желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін қолжетімді.

Жедел желіге ет бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемесіне, сондай-ақ өнімді жеткізуге байланысты мәселелер бойынша жүгінуге болады.
Бұл жедел желі халықпен, бизнеспен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру және жергілікті жерлерден келіп түсетін сигналдарға уақытылы әрекет ету мақсатында құрылды.

Байланыс деректері ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің жедел желі телефондары (Астана): +7 (7172) 74-98-32 +7 (7172) 75-06-49 +7 (7172) 74-98-36

Өңірлер бойынша да жедел желілер іске қосылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.