in

“Астана Балет” театры Кореядағы дүниежүзілік фестиваліне қатысады

Бұл беделді шараға «Астана Балет» театрының әртістері қатысып, «Ұлы Дала мұрасы» дивертисментінің үзінділерін паш етпек. Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де көрермен көкейінен шыққан концерттік бағдарлама – театрды әйгілеп тұрған дүниеге айналды.

Концерттік бағдарламаны қойған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти этнографиялық материалдың байлығын заманауи хореографиялық әдістермен үйлестіре білді. Бағдарламаның әр биі дара қойылым іспетті: ұлан-байтақ даланың тартымдылығын әйел бейнесі арқылы суреттеп, халқымыздың рухани құндылығын, салт-дәстүрі мен жоралғысын сипаттайды.

«Ұлы Дала мұрасы» – қазақ мәдениетінің әсемдігі мен сан қырлы болмысы жайлы пластикалық әңгіме іспетті. Бағдарлама аясын да лирика мен ой -толғамға толы композициялар, жігерлі әрі экспрессиялы миниатюралар, сондай-ақ философиялық тұрпаттағы қойылымдар жинақталған . Кең пішілген, жарқын әрі талғампаз ою-өрнекке бай х алық костюмдері ерекше әсер қалдырады. Әр бейне ежелгі дәстүр, көшпелі мәдениетті сипаттайтын ою- өрнек символикасы мен табиғ ат сырын ашқандай .

Бағдарламаға енген хореографиялық миниатюралар әртүрлі стильде және әртүрлі көркемдік әдістерді қолдана отырып, қазақ халқының тарихын, бай дәстүрі ме н Отанымыздың әсем табиғатының сұлулығын көрсетеді. Эстетика, көз жауын алар көркем бейнелер, әсем костюмдер мен қазақ хореографиясының мағына лық тереңдігі дүниежүзі көрермен ін тәнті етіп келеді .

« Астана Балет » театрының Чхонан-2025 дүниежүзілік фестиваліне қатысуы халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту дың даңғыл жолы . Корей сахнасында өнер көрсету қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын кең аудиторияға паш етуге , түрлі елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және би өнері халықтарды біріктіретін әмбебап тіл екенін көрсетуге мүмкіндік береді.