in

Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.