in

Ерке Есмахан футболшыларға қандай сыйлық беретінін айтты

Әнші Ерке Есмахан Алматыға келген «Реал Мадрид» ойыншыларының бренд сөмкесіне қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол бренд ұстау мақтаныш емес, еңбекпен келетін дүние екенін атап өтті.

«Түнде қолдарына бір-бір емес, екі-екіден Луи Витон ұстаған жігіттер Алматыға келіп қалыпты. Бренд деген тек қымбат зат емес, мың жылдық тарихы бар дүние. Бұндай заттарға еңбектеніп қол жеткізіп, мақтанышпен ұстап жүрудің өзі статус. Мысалға мына миллионер футболистер сияқты. Мұны сіздерге тек мотивация болсын деп айтып жатырмын. Бұл әңгімем адами, рухани, имани құндылықтарымызға қатысы жоқ. Сөзімді тереңірек түсінсеңіздер. Бренд кимейтін, бриллиант тақпайтын адамға «қарапайым» деп баға бермеңіздер. Керісінше, ақшасы көп, брендке малынып жүретін адамдар тіпті қарапайым не қайырымды болатынына көзіміз жетіп жүр. Әр қазақ бақытты және бай болуға міндетті мен үшін. Ал біздің футболистерімізге үйдегі Раймның брендтерін бере аламын», – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.