“Қазгидромет” мәліметінше, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұлтты ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша синоптиктер желдің күшеюін, тұман мен кей жерлерде көктайғақ болатынын болжайды. Жетісу облысында түнде ауа температурасы –6 °C-қа дейін төмендеп, үсік болуы мүмкін.
Астанада – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде 0–2 °C, күндіз +3–5 °C.
Алматыда – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде +6–8 °C, күндіз +21–22 °C.
Шымкентте – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде +12–14 °C, күндіз +21–23 °C.