in

Қазгидромет: Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында ғана жаңбыр жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Республика бойынша жел мен тұман күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің мегаполистеріндегі ауа райы:

  Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -2-4 °C, күндіз +8-10 °C болады.

  Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы +6-8 °C, күндіз +16-18 °C болады.

  Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы +2-4 °C, күндіз +21-23 °C болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

20-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Шымкент қ.: 20-22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20-21 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

20 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  

20 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

20 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қазанда Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.