in

Қазақстан полициясы боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

Қазақстан полициясы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды, – деп мәлімдеді полициядан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Ол әлеуметтік желілерде қырғыз халқына қатысты қорлайтын сөздер айтқан видеолардан кейін ұлттық және діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша іс қолғалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.