“Қазгидромет” синоптиктері 3 қараша күні Қазақстанның 15 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, боран, көктайғақ болады және жел күшейеді. Кей жерлерде ауа температурасы минус 10-15°С-қа дейін төмендейді.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Петропавл мен Көкшетауда түнде 10-12 градус аяз болады деп болжануда.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.
Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Кей таулы аймақтарда жел екпіні 20-25 м/с дейін күшейеді.
Алматы және Жетісу облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі.
Батыс өңірлерде (Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ұлытау) түнде және таңертең тұман түседі, жолдағы көру қашықтығы төмендейді.
Мамандар ел азаматтарын ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда сақ болуға және жылы киінуге шақырады.
