in

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Турнирдің екінші матчында Қазақстан Қытайды 5:1 есебімен ойсырата жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шайбаларды салған ойыншылар:

Максим Мусоров («Торпедо»)

Степан Александров («Торпедо»)

Батырлан Мұратов («Барыс»/«Номад») – дубль

Артур Ғатиатов («Номад»)

Бұған дейін бірінші ойында біздің команда Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтқан болатын. Осылайша Қазақстан құрамасы екі турдан кейін максималды 6 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.

Қазақстан – Азия чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Алғашқы турнир 2024 жылы Алматыда өткен.

Бұл чемпионат Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми күнтізбесіне енгізілген.