Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 17 жастағы форварды Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас ойыншыларының тізіміне кірді. Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялады.
Портал 2008 жылы туған әлемнің ең талантты футболшыларының тізімін ұсынды. Онда Сатпаев үздік бестіктің қатарынан орын алды. Бұл – қазақстандық жас ойыншылар үшін сирек және маңызды жетістік.
Score90 нұсқасы бойынша 2008 жылғы ең үздік 5 футболшы:
Леннарт Карл («Бавария»)
Ибраим Мбайе (Пари Сен-Жермен)
Рио Нгумоа («Ливерпуль»)
Онест Аанор («Аталанта»)
Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
