in

Таэквондошы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Қазақстандық таэквондошы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 87 келіден жоғары салмақтың ақтық сынына шықты.

Бейбарыс Қаблан жартылай финалда Иран спортшысы Ашрафи Амирмохаммадты 2:1 есебімен тізе бүктірді.